Аударуға көмектесу

GNOME games пайдаланушы интерфейсі мен құжаттамасы бүкіл дүниежүзілік еріктілер қауымдастығымен аударылуда. Сіз де қатыса аласыз.

Әлі де аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.

Аударуды бастау үшін сізге тіркелгі жасау және өз тіліңіздің аудару тобына қосылу қажет болады. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.

Сіз GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org арнасында немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.

Сонымен қатар, сіз Интернационализация тобымен GNOME Discourse арқылы байланыса аласыз.