Кіру экранына қарсы алу логотипін қосу

Кіру экранындағы қарсы алу логотипі org.gnome.login-screen.logo GSettings кілтімен басқарылады. GDM өзінің жеке dconf профилін пайдаланатындықтан, сол профильдегі баптауларды өзгерту арқылы қарсы алу логотипін қосуға болады.

Кіру экраныңызға логотип үшін қолайлы суретті таңдағанда, келесі сурет талаптарын ескеріңіз:

  • Барлық негізгі пішімдерге қолдау көрсетіледі: ANI, BPM, GIF, ICNS, ICO, JPEG, JPEG 2000, PCX, PNM, PBM, PGM, PPM, GTIFF, RAS, TGA, TIFF, XBM, WBMP, XPM және SVG.

  • Суреттің өлшемі 48 пиксель биіктікке пропорционалды түрде өзгереді. Сонымен, егер сіз логотипті 1920x1080 деп орнатсаңыз, мысалы, ол түпнұсқа суреттің 85x48 нобайына айналады.

org.gnome.login-screen.logo кілтін орнату

  1. Келесі жолдарды қамтитын gdm профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/gdm

    user-db:user
    system-db:gdm
    file-db:/usr/share/gdm/greeter-dconf-defaults

    gdm — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. /etc/dconf/db/gdm.d/01-logo ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін gdm дерекқорын жасаңыз:

    [org/gnome/login-screen]
      logo='/usr/share/pixmaps/logo/greeter-logo.png'
      

    /usr/share/pixmaps/logo/greeter-logo.png мәнін қарсы алу логотипі ретінде пайдаланғыңыз келетін сурет файлының жолымен алмастырыңыз.

  3. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update

Егер логотип жаңартылмаса не істеу керек?

Жүйелік дерекқорларды жаңарту үшін dconf update командасын орындағаныңызға көз жеткізіңіз.

Логотип жаңартылмаған жағдайда, GDM-ді қайта іске қосып көріңіз.