Кіру экранында мәтіндік баннерді көрсету

org.gnome.login-screen.banner-message-enable және org.gnome.login-screen.banner-message-text GSettings кілттерін орнату арқылы кіру экранында қолдау көрсету үшін кімге хабарласу керектігі сияқты қосымша мәтінді көрсетуге болады.

Кіру экранында мәтіндік баннерді көрсету:

  1. Келесі жолдарды қамтитын gdm профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/gdm

    user-db:user
    system-db:gdm
    file-db:/usr/share/gdm/greeter-dconf-defaults

    gdm — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. /etc/dconf/db/gdm.d/01-banner-message ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін gdm кілттік файлын жасаңыз:

    [org/gnome/login-screen]
    banner-message-enable=true
    banner-message-text='Баннер хабарламасын осында теріңіз.'
  3. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update

Баннер хабарламасы үшін таңба шектеуі жоқ. gnome-shell ұзын мәтінді автоматты түрде анықтайды және екі бағанды режимге ауысады.

Баннер хабарламасын сыртқы файлдан оқу мүмкін емес.