Ұпайлар
Ағымдағы ұпайыңыз ойын терезесінің тақырып жолағында көрінеді. Алдыңғы ойындарда жиналған ұпайларды көру үшін:
Swell Foop ▸ Үздік ұпайлар таңдаңыз.
Сұхбат терезесінде бастапқыда Кіші, 3 түсті ойыны үшін ұпайлар көрсетіледі. Басқа тақта өлшемдері үшін ұпайларды көру үшін, сұхбат терезесінің жоғарғы жағындағы мәзірден қажетті тақта өлшемін таңдаңыз.
Ұпайларды есептеу
Ұпайлар сіз өшірген объектілерге негізделіп есептеледі.
Объектілер саны |
Жиналған ұпайлар |
2 |
0 |
3 |
1 |
4 |
4 |
5 |
9 |
6 |
16 |
7 |
25 |
8 |
36 |
9 |
49 |
⋮ |
⋮ |
n |
(n-2)^2 |
Тақтаны тазартқаны үшін 1000 ұпайлық бонус беріледі.
