Ойын баптаулары
Ойынның сыртқы түрін өз баптауларыңызға сәйкес өзгерте аласыз.
Тақта өлшемін өзгерту
Тақта өлшемін өз баптауыңызға сәйкес орната аласыз:
Swell Foop ▸ Баптау таңдаңыз.
Бастапқы тақта өлшемі — Кіші (6 x 5).
Түстер санын өзгерту
Ойындағы әртүрлі объектілер санын арттыра аласыз.
Swell Foop ▸ Баптау таңдаңыз.
Түстердің бастапқы саны — 3. Оны Баптау астындағы Түстер саны бөлімінде өзгерте аласыз.
Сыртқы түрін өзгерту
Объектілердің сыртқы түрін өзгерту үшін:
Swell Foop ▸ Сыртқы түрі таңдаңыз.
Бастапқы тема — Пішіндер мен түстер.
