Веб-қосымшаны қалай қайта орнатуға болады

Бағдарламалық қамтама веб-қосымшалардың екі түрін басқаруды қолдайды:

  1. AppStream метаақпараты Бағдарламалық қамтамамен бірге жеткізілген веб-қосымшалар. README.md файлын қараңыз.

  2. GNOME Web көмегімен орнатылған веб-қосымшалар.

Бірінші түрі Бағдарламалық қамтамада орнатуға қолжетімді ретінде көрсетіледі (бұл функция дистрибутивте іске қосылған кезде), ал екінші түрі Бағдарламалық қамтамада тек GNOME Web арқылы орнатылғаннан кейін ғана пайда болады. Егер сіз мұндай қосымшаны өшіріп, оны қайта орнатқыңыз келсе, оны GNOME Web арқылы жасауыңыз керек.

GNOME Web көмегімен веб-қосымшаны орнату қадамдары:

  1. Төмендегі суретте көрсетілгендей, жоғарғы оң жақ бұрыштағы қосымшаның Мәзір батырмасын шертіңіз.

  2. Веб-қосымша ретінде орнату… мәзір элементін шертіңіз. Бұл веб-қосымшаны жасау сұхбат терезесін ашуы керек.

  3. Веб-қосымшаны жасау және орнату үшін Жасау батырмасын шертіңіз.

Енді веб-қосымша Бағдарламалық қамтаманың Орнатылған бетінде көрсетілуі тиіс.