Іздеу және алмастыру

GNOME мәтін түзеткіші үлкен мәтіндік файлдардан нақты мәтін бөліктерін жылдам іздеуге мүмкіндік береді. Көбінесе бұл мәтін бөліктерін алмастыру да қажет болады.

Мәтінді іздеу

  • Іздеу панелін Негізгі мәзір ▸ Табу/Алмастыру... арқылы немесе Ctrl+F арқылы іске қосыңыз.

  • Іздеу шартын енгізу өрісіне қосыңыз.

  • Іздеу сіз терген кезде орындалады. Енді іздеу нәтижесін немесе арқылы немесе енгізу өрісінің жанындағы батырмалармен қайталауға болады.

  • Enter пернесін басу курсорды ағымдағы ерекшеленген іздеу нәтижесіне жылжытады.

  • Escape пернесін басу іздеу панелін және іздеу нәтижесін жабады.

Іздеу бойынша кеңестер мен айлалар

  • Сөзді жылдам іздеу үшін сөзді ерекшелеп, Ctrl+F басыңыз. Сөз автоматты түрде іздеу өрісіне енгізіледі.

  • Іздеуді тісті дөңгелек мәзіріндегі қосымша опциялармен нақтылауға болады.

    • Тек толық сөзді сәйкестендіру

    • Іздеу шарты ретінде тұрақты өрнектерді қолдану

    • Іздеу шартының регистрін ескеру

Мәтінді алмастыру

  • Іздеу панелін Негізгі мәзір ▸ Табу/Алмастыру... арқылы немесе Ctrl+H арқылы іске қосыңыз.

  • Егер сіз іздеу панелін Негізгі мәзір арқылы ашсаңыз, алмастыру функциясын іске қосу үшін батырманы шертуіңіз керек.

  • Алмастырылуы тиіс іздеу шартын енгізу өрісіне қосыңыз.

  • Алмастыратын сөзді екінші енгізу өрісіне қосыңыз.

  • Іздеу сіз терген кезде орындалады. Енді іздеу нәтижесін немесе арқылы немесе енгізу өрісінің жанындағы батырмалармен қайталауға болады.

  • Енді ағымдағы іздеу нәтижесін Алмастыру арқылы ғана немесе барлық кездесулерді Барлығын алмастыру арқылы алмастыруға болады.