Сессия мәселелерін жөндеу
Егер сіз сессиядағы ақаулық туралы қосымша ақпарат тапқыңыз келсе немесе оны түзеткіңіз келсе, пайдаланушы сессиясы мен қолданбаларыңыз үшін журнал деректерін сақтайтын жүйелік журналға жүгініңіз.
~/.xsession-errors X сессиясының журналы ескірген және енді пайдаланылмайды.
systemd негізіндегі жүйелерде сессия журналын көру
systemd негізіндегі жүйелерде сессия журналының деректерін деректерді екілік пішімде сақтайтын systemd журналынан таба аласыз. Журналдарды көру үшін journalctl командасын пайдаланыңыз.
Пайдаланушы сессиясының журналдарын көру үшін:
-
Келесі команданы орындау арқылы пайдаланушы идентификаторын (uid) анықтаңыз:
$ id --user 1000 -
Жоғарыда анықталған пайдаланушы идентификаторы үшін журналдарды көріңіз:
$ journalctl _UID=1000
Systemd журналы туралы қосымша ақпаратты journalctl(1) man бетінен қараңыз.