MIME түрлері дегеніміз не?

GNOME ішінде MIME (Multipurpose Internet Mail Extension) түрлері файл пішімін анықтау үшін пайдаланылады. GNOME жұмыс үстелі MIME түрлерін келесі мақсаттарда қолданады:

  • Белгілі бір файл пішімін үнсіз келісім бойынша қай қолданба ашу керектігін анықтау.

  • Белгілі бір файл пішімін аша алатын басқа қолданбаларды тіркеу.

  • Файл түрін сипаттайтын мәтіндік жолды қамтамасыз ету, мысалы, Файлдар қолданбасының файл қасиеттері сұхбат терезесінде.

  • Белгілі бір файл пішімін білдіретін таңбашаны қамтамасыз ету, мысалы, Файлдар қолданбасының файл қасиеттері сұхбат терезесінде.

MIME түрінің атаулары берілген пішімге сәйкес келеді:

media-type/subtype-identifier

image/jpeg — MIME түрінің мысалы, мұнда image — медиа түрі, ал jpeg — ішкі түр идентификаторы.

GNOME келесілерді анықтау үшін freedesktop.org Shared MIME Info спецификациясына сүйенеді:

  • Барлық MIME түрі спецификациясының файлдарын сақтауға арналған жүйелік ауқымдағы және пайдаланушыға тән орындар.

  • Жұмыс үстелі ортасы белгілі бір файл пішімін ашу үшін қандай қолданбаларды пайдалануға болатынын білуі үшін MIME түрін қалай тіркеу керек.

  • Пайдаланушы қандай қолданбалардың қандай файл пішімдерін ашу керектігін қалай өзгерте алады.

MIME дерекқоры дегеніміз не?

MIME дерекқоры — бөлгілі MIME түрлері туралы ақпаратты сақтау үшін GNOME пайдаланатын барлық MIME түрі спецификациясы файлдарының жиынтығы.

Жүйелік әкімші тұрғысынан MIME дерекқорының ең маңызды бөлігі — /usr/share/mime/packages/ бумасы, онда белгілі MIME түрлері туралы ақпаратты көрсететін MIME түріне қатысты файлдар сақталады. Мұндай файлдың бір мысалы — /usr/share/mime/packages/freedesktop.org.xml, ол жүйеде үнсіз келісім бойынша қолжетімді стандартты MIME түрлері туралы ақпаратты көрсетеді. Бұл файл shared-mime-info дестесімен бірге беріледі.

Қосымша ақпарат алу

MIME түрі жүйесін сипаттайтын толық ақпарат алу үшін freedesktop.org веб-сайтында орналасқан freedesktop.org Shared MIME Info спецификациясын қараңыз: