Барлық пайдаланушылар үшін үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны қайта анықтау
/usr/share/applications/mimeapps.list және /usr/share/applications/gnome-mimeapps.list файлдары белгілі бір MIME түрлерін үнсіз келісім бойынша ашу үшін қай қолданба тіркелгенін көрсетеді. Бұл файлдар дистрибутивпен бірге беріледі.
Жүйедегі барлық пайдаланушылар үшін жүйелік үнсіз келісім мәндерін қайта анықтау үшін, үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны қайта анықтағыңыз келетін MIME түрлерінің тізімі бар /etc/xdg/mimeapps.list немесе /etc/xdg/gnome-mimeapps.list файлын жасауыңыз керек.
/etc/xdg/ ішінде орналасқан файлдар /usr/share/applications/ ішіндегі файлдардан басым болады. Сонымен қатар, /etc/xdg/gnome-mimeapps.list файлы /etc/xdg/mimeapps.list файлынан басым болады, бірақ оны пайдаланушының ~/.config/mimeapps.list ішіндегі конфигурациясы қайта анықтай алады.
Барлық пайдаланушылар үшін үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны қайта анықтау
-
Үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны өзгерткіңіз келетін MIME түрлерін анықтау үшін /usr/share/applications/mimeapps.list файлына жүгініңіз. Мысалы, mimeapps.list файлының келесі үлгісі text/html және application/xhtml+xml MIME түрлері үшін үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны көрсетеді:
[Default Applications] text/html=epiphany.desktop application/xhtml+xml=epiphany.desktopҮнсіз келісім бойынша қолданба (Epiphany) оған сәйкес келетін .desktop файлын (epiphany.desktop) көрсету арқылы анықталады. Басқа қолданбалардың .desktop файлдары үшін үнсіз келісім бойынша орын — /usr/share/applications/.
-
/etc/xdg/mimeapps.list файлын жасаңыз. Файлда MIME түрлерін және оларға сәйкес үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаларды көрсетіңіз:
[Default Applications] text/html=myapplication1.desktop application/xhtml+xml=myapplication2.desktop [Added Associations] text/html=myapplication1.desktop; application/xhtml+xml=myapplication2.desktop;Бұл text/html MIME түрі үшін үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны myapplication1.desktop деп, ал application/xhtml+xml MIME түрі үшін үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаны myapplication2.desktop деп орнатады.
Бұл баптаулардың дұрыс жұмыс істеуі үшін myapplication1.desktop және myapplication2.desktop файлдарының екеуі де /usr/share/applications/ бумасында орналасқанына көз жеткізіңіз.
-
Үнсіз келісім бойынша тіркелген қолданбаның дұрыс орнатылғанын тексеру үшін gio mime командасын пайдалануға болады:
$ gio mime text/html Default application for “text/html”: myapplication1.desktop Registered applications: myapplication1.desktop epiphany.desktop Recommended applications: myapplication1.desktop epiphany.desktop