Кіру экранында бірнеше пернетақта жаймасын көрсету
Пайдаланушылар кіру экранында таңдауы үшін баламалы пернетақта жаймаларын қосу мақсатында жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын өзгерте аласыз. Бұл әдетте үнсіз келісім бойынша пернетақта жаймасынан басқа жаймаларды пайдаланатын және сол пернетақта жаймаларының кіру экранында қолжетімді болғанын қалайтын пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын өзгерту
Қажетті тіл жаймаларының кодтарын /usr/share/X11/xkb/rules/base.lst файлының ! layout деп аталатын бөлімінен табыңыз.
-
Жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын келесідей өзгерту үшін localectl сайманын пайдаланыңыз:
localectl set-x11-keymap жаймаБірнеше жайманы үтірмен ажыратылған тізім ретінде көрсетуге болады. Мысалы, es тілін негізгі жайма, ал us тілін қосымша жайма ретінде орнату үшін келесі команданы орындаңыз:
$ localectl set-x11-keymap es,us Анықталған жаймалардың кіру экранындағы жоғарғы панельде қолжетімді екенін көру үшін жүйеден шығыңыз.
Сондай-ақ, localectl сайманын жүйелік ауқымдағы үнсіз келісім бойынша пернетақта моделін, нұсқасын және опцияларын көрсету үшін пайдалануға болатынын ескеріңіз. Қосымша ақпаратты localectl(1) man бетінен қараңыз.
localectl пайдаланбай бірнеше пернетақта жаймасын көрсету
localectl сайманы жоқ жүйелерде жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын /usr/share/X11/xorg.conf.d/ бумасындағы конфигурация файлын түзету арқылы өзгертуге болады.
Жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын өзгерту
Қажетті тіл жаймаларының кодтарын /usr/share/X11/xkb/rules/base.lst файлының ! layout деп аталатын бөлімінен табыңыз.
-
Жайма кодтарын /usr/share/X11/xorg.conf.d/10-evdev.conf файлына келесідей қосыңыз:
Section "InputClass" Identifier "evdev keyboard catchall" MatchIsKeyboard "on" MatchDevicePath "/dev/input/event*" Driver "evdev" Option "XkbLayout" "en,fr" EndSectionАғылшын (en) және француз (fr) жаймаларының мысалында көрсетілгендей, бірнеше жайманы үтірмен ажыратылған тізім ретінде қосуға болады.
Анықталған жаймалардың кіру экранындағы жоғарғы панельде қолжетімді екенін көру үшін жүйеден шығыңыз.