Барлық пайдаланушылар үшін іске автоқосылатын қолданбаны қосу
Пайдаланушы жүйеге кірген кезде қолданбаны автоматты түрде іске қосу үшін, сол қолданба үшін /etc/xdg/autostart/ бумасында .desktop файлын жасауыңыз керек.
Барлық пайдаланушылар үшін іске автоқосылатын қолданбаны қосу үшін:
-
/etc/xdg/autostart/ бумасында .desktop файлын жасаңыз:
[Desktop Entry] Type=Application Name=Файлдар Exec=nautilus -n OnlyShowIn=GNOME; AutostartCondition=GSettings org.gnome.desktop.background show-desktop-icons Файлдар мәнін қолданбаның атымен алмастырыңыз.
nautilus -n мәнін қолданбаны іске қосу үшін пайдаланғыңыз келетін командамен алмастырыңыз.
-
GSettings кілтінің мәнін тексеру үшін AutostartCondition кілтін пайдалануға болады.
Егер кілттің мәні ақиқат (true) болса, сессия менеджері қолданбаны автоматты түрде іске қосады. Егер кілт мәні ағымдағы сессияда өзгерсе, сессия менеджері кілттің алдыңғы мәніне байланысты қолданбаны іске қосады немесе тоқтатады.