Суреттерді қарау

Масштабтау

Пайдаланушылар Үлкейту (zoom-in-symbolic) батырмасымен масштабты үлкейте алады және Кішірейту (zoom-out-symbolic) батырмасымен кішірейте алады.

Тачпад және сенсорлық экран пайдаланушылары екі саусақпен жақындату ишарасы арқылы масштабты өзгерте алады. Тачпадтарда тачпадта екі саусақпен жоғары/төмен сипау кезінде Ctrl пернесін басу арқылы да масштабтауға болады.

Жылжыту

Тышқан және тачпад пайдаланушылары масштабталған кезде суретті шертіп, сүйреу арқылы көріністі жылжыта алады. Сенсорлық экран пайдаланушылары көріністі жылжыту үшін бір саусақпен сүйреу ишарасын пайдалана алады.

Бұру

Пайдаланушылар сағат тілімен және сағат тіліне қарсы бұру үшін негізгі мәзірдегі Бұру бөліміндегі Оңға бұру (object-rotate-right-symbolic) және Солға бұру (object-rotate-left-symbolic) батырмаларын пайдалана алады.

Тачпад және сенсорлық экран пайдаланушылары екі саусақпен бұру ишарасын да пайдалана алады.

Толық экран

Суреттерді қарау құралында қарапайым толық экран режимі бар. Пайдаланушылар Толық экран режимін ауыстыру (view-fullscreen-symbolic / view-restore-symbolic) батырмасын басу арқылы толық экран режимін қоса немесе өшіре алады.

Пернетақта пайдаланушылары Пернетақта жарлықтары сұхбат терезесінде көрсетілген тиісті жарлықтарды да пайдалана алады.