Сурет қасиеттері

Суреттерді қарау құралы пайдаланушыларға сурет қасиеттерін қарауға мүмкіндік береді. Барлық суреттердің келесі негізгі қасиеттері болады:

  • Сурет өлшемі

  • Сурет пішімі

  • Файл өлшемі

  • Файлдың жасалған күні

  • Файлдың өзгертілген күні

Егер файлда Exif метадеректері болса, олар негізгі қасиеттердің астында көрсетіледі.

Таңдалған суреттің қасиеттерін қарау үшін Сурет қасиеттері (help-about-symbolic) батырмасын басыңыз.