Көп ойыншылы ойындар

Nibbles ойынын алты ойыншыға дейін ойнай алады. Бір ойыншы режимінде ойыншы 1-ші құртты басқарса, көп ойыншылы ойында ойыншылар қосымша 2-ші құрттан 6-шы құртқа дейін басқара алады. Екі ойыншылы ойын 1-ші құртты және 2-ші құртты басқаруға мүмкіндік береді, үш ойыншылы ойын 1-ші құртты, 2-ші құртты және 3-ші құртты басқаруға мүмкіндік береді және т.с.с.

Ойыншылар санын таңдау

Nibbles ойынын алты ойыншыға дейін ойнай алады. Олардың төртеуіне дейін адам бола алады. Ойыншылар санын орнату үшін:

  1. Жаңа ойынды бастау.

  2. Ойыншылар саны экранында адам ойыншылардың санын қажетті мөлшерге (ең көп 4) орнатыңыз.

  3. Компьютер ойыншыларының санын орнату.