Жалаушаларды қалай қолдану керек

Жалаушалар астында мина жасырылуы мүмкін деп күдіктенген торкөздерді белгілеу үшін қолданылады. Торкөзге жалауша қою оны шертуге және ойынның аяқталуына әкелетін жарылыс тудыруға жол бермейді.

Жалаушалардың нақты түрі таңдалған темаға байланысты. Теманы өзгерту үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Сыртқы түрі опциясын таңдаңыз.

Торкөзге жалаушаны қалай қоюға болады

Жалаушаларды шертуге болмайды. Торкөзге жалауша қою үшін:

  • бос торкөзге оң жақпен шерту керек.

Сұрақ жалаушасын қолдану

Егер торкөзде мина жасырылғанына сенімді болмасаңыз, сұрақ жалаушасын қолдана аласыз.

Торкөзге Сенімді емеспін жалаушасын қою үшін:

  • Бос торкөзге екі рет немесе жалаушаға бір рет оң жақпен шертіңіз.

Бұл жалаушаларды іске қосу үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Сұрақ жалаушаларын қолдану баптауын іске қосыңыз.