Mines қолданбасын жақсартуға көмектесу

Қате туралы хабарлау немесе жақсартуды ұсыну

Mines еріктілер қауымдастығымен қолдау көрсетіледі. Сіз де қатыса аласыз. Егер мәселе тапсаңыз, қате туралы есеп жібере аласыз. Қате туралы есеп беру үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/gnome-mines/issues адресіне өтіңіз.

Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер мен құлаулар туралы мәліметтерді жібере алатын немесе жақсартуларды сұрай алатын қателерді трекер жүйесі.

Қатысу үшін сізге тіркелгі қажет, ол сізге қол жеткізуге, қателерді жіберуге, пікір қалдыруға және қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алуға мүмкіндік береді. Егер тіркелгіңіз болмаса, оны жасау үшін Кіру/Тіркелу сілтемесін шертіңіз.

Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, New Issue батырмасын шертіңіз. Қате туралы хабарламас бұрын қате жазу нұсқаулығын оқыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін шолуды сұраймыз.

Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрасаңыз, Labels мәзірінен Feature таңдаңыз. Тақырыбы (Title) мен Сипаттамасы (Description) бөлімдерін толтырып, Submit issue батырмасын шертіңіз.

Сіздің есебіңізге ID нөмірі беріледі және ол қарастырылған сайын оның күйі жаңартылып отырады. Mines қолданбасын жақсартуға көмектескеніңіз үшін рақмет!