Барлық журналдарды көре аламын ба?
Рұқсаттарыңызға байланысты соңғы қайта жүктеуден кейін жазылған кейбір хабарларды шола аласыз. Кейбір рұқсаттарды дистрибутивіңіз орнатады, бірақ оларды жүйелік әкімші өзгерте алады.
Әдепкі бойынша, Стандартты пайдаланушыларға қолданба журналдары мен жеке сессия журналдары сияқты шектелген журналдар жиынтығы көрсетіледі. Егер сіз Стандартты пайдаланушы болсаңыз және ешқандай журналдарды көрмесеңіз, жүйелік әкімшіңіз журналдарды көру мүмкіндігін сөндіруі мүмкін.
Әкімші пайдаланушылар, әдетте, ядро журналдары мен басқа пайдаланушылардың журналдары сияқты маңыздырақ журналдарды көре алады. Әкімшілердің журналдарға қол жеткізу деңгейлері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан сіз барлық журналдарды көре алмауыңыз мүмкін. Егер сіз Әкімші пайдаланушы болсаңыз, онда сіз қол жеткізе алатын журналдарды тек басқа әкімшілер ғана өзгерте алады. Журналдарға қол жеткізу рұқсаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін systemd-journald man бетін қараңыз.