Кіріспе

Sysprof — GNOME жұмыс үстеліне арналған Linux жүйелік профайлері.

Профайлер дегеніміз не?

Профайлер — бағдарлама немесе жүйе жұмыс істеп тұрған кезде ол туралы ақпаратты жазатын бағдарлама. Бұл ақпаратты бағдарламаның өнімділігін қалай арттыруға болатынын түсіну үшін зерттеуге болады.

Бағдарламалық профайлерлердің екі негізгі түрі бар, олар әдетте трассировкалаушы немесе таңдамалаушы профайлерлер деп аталады. Трассировкалаушы профайлер бағдарлама орындайтын әрбір функция шақыруын біледі. Ал таңдамалаушы профайлер бағдарламаның күйін белгілі бір жиілікпен тексеру арқылы жұмыс істейді, сондықтан бағдарлама орындайтын әрбір функция шақыруын көрмейді.

Трассировкалаушы және таңдамалаушы профайлерлердің де өз артықшылықтары бар. Таңдамалаушы профайлердің басты артықшылығы — оның жүйеге түсіретін жүктемесі трассировкалаушы профайлерге қарағанда әлдеқайда аз, бұл оны интерактивтілікті қажет ететін бағдарламалық қамтама үшін пайдалануды жеңілдетеді.

Sysprof — таңдамалаушы профайлер.