Файлға сақтау

  1. Терезенің жоғарғы панеліндегі Құжатты файлға сақтау батырмасын басыңыз (немесе Ctrl+S басыңыз).

  2. Қолдау көрсетілетін файл түрлерінің бірін таңдаңыз немесе Аты өрісінде файл кеңейтуін өзгертіңіз.

  3. Сақтау батырмасын басыңыз.

Қолдау көрсетілетін файл түрлері

Түрі

Қысқаша сипаттамасы

PDF

PDF кітап сияқты бірнеше беттен тұруы мүмкін және оны тарату оңай. Тек аз ғана linux бағдарламалары PDF құжаттарын өзгерте алады, сондықтан бұл пішім ең алдымен архивтеу үшін ұсынылады. PDF құжатының өлшеміне сурет сапасы әсер етеді. Қосымша ақпарат алу үшін PDF Wikipedia бетін қараңыз.

JPEG

JPEG — бұл цифрлық камералар суреттерді сақтау үшін пайдаланатын файл пішімі. JPEG файлы салыстырмалы түрде шағын, таратуға өте оңай және әлеуметтік желілерге жүктеп салуға қолайлы. Көптеген операциялық жүйелерде әдепкі бойынша JPEG редакторы болады. Егер сіз бірнеше бетті сканерлесеңіз, әр бет үшін JPEG файлы жасалады. Сканерленген суреттерді өзгерткіңіз немесе жүктеп салғыңыз келсе, осы файл түрін пайдаланыңыз. JPEG файлының өлшеміне сурет сапасы әсер етеді. Қосымша ақпарат алу үшін JPEG Wikipedia бетін қараңыз.

PNG

PNG файлдары деректерді жоғалтусыз сығуды қолдайды. Бұл файлдардың өте үлкен болуына әкелуі мүмкін және таратуға қолайсыз болады. Егер сіз бірнеше бетті сканерлесеңіз, әр бет үшін PNG файлы жасалады. Қосымша ақпарат алу үшін PNG Wikipedia бетін қараңыз.