Терезелерді жылжыту және өлшемдерін өзгерту
Жұмысты тиімдірек ету үшін терезелерді жылжытуға және өлшемдерін өзгертуға болады. Сүйреуден бөлек, жүйе терезелерді тез реттеуге көмектесетін жарлықтар мен модификаторларды ұсынады.
Терезені тақырып жолағынан сүйреп немесе Super пернесін басып тұрып, терезенің кез келген жерінен сүйреп жылжытыңыз. Жылжыту кезінде терезені экран жиектеріне және басқа терезелерге жабыстыру үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.
Терезе өлшемін оның жиектерін немесе бұрышын сүйреу арқылы өзгертіңіз. Өлшемді өзгерту кезінде терезені экран жиектеріне және басқа терезелерге жабыстыру үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.
Терезені тек пернетақта арқылы жылжытыңыз немесе өлшемін өзгертіңіз. Терезені жылжыту үшін Alt+F7 немесе өлшемін өзгерту үшін Alt+F8 басыңыз. Жылжыту немесе өлшемін өзгерту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз, содан кейін аяқтау үшін Enter басыңыз немесе бастапқы орын мен өлшемге қайту үшін Esc басыңыз.
Терезені экранның жоғарғы жағына сүйреу арқылы терезені жаймалаңыз. Терезелерді қатарластырып қою үшін терезені экранның бір жағына сүйреңіз.