Типтік процестер
Стандартты GNOME сессиясында қызметтер немесе сервистер деп аталатын бағдарламалар жүйеде фондық процестер ретінде жұмыс істейді. Үнсіз келісім бойынша келесі қызметтердің жұмыс істеп тұрғанын көруіңіз керек:
- dbus-daemon
-
dbus-daemon бағдарламалардың бір-бірімен хабарлама алмасуы үшін пайдалана алатын хабарлама шинасы қызметін ұсынады. dbus-daemon кез келген екі қолданба арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін D-Bus кітапханасымен жүзеге асырылған.
Толық ақпарат алу үшін dbus-daemon man бетін қараңыз.
- gnome-keyring-daemon
-
Әртүрлі бағдарламалар мен веб-сайттарға арналған пайдаланушы аты мен пароль сияқты тіркелгі деректері gnome-keyring-daemon арқылы қауіпсіз сақталады. Бұл ақпарат кілттер тізбегі файлы деп аталатын шифрланған файлға жазылады және пайдаланушының үй бумасында сақталады.
Толық ақпарат алу үшін gnome-keyring-daemon man бетін қараңыз.
- gnome-session
-
gnome-session бағдарламасы GDM, LightDM немесе NODM сияқты дисплей менеджерінің көмегімен GNOME жұмыс үстелі ортасын іске қосуға жауапты. Пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша сессия жүйені орнату кезінде жүйелік әкімші тарапынан орнатылады. gnome-session әдетте жүйеде соңғы сәтті жұмыс істеген сессияны жүктейді.
Толық ақпарат алу үшін gnome-session man бетін қараңыз.
- gnome-settings-daemon
-
gnome-settings-daemon GNOME сессиясына және сессия ішінде іске қосылған барлық бағдарламаларға арналған баптауларды өңдейді.
Толық ақпарат алу үшін gnome-settings-daemon man бетін қараңыз.
- gnome-shell
-
gnome-shell бағдарламаларды іске қосу, бумаларды шолу, файлдарды көру және т.б. сияқты GNOME-ның негізгі пайдаланушы интерфейсі функцияларын қамтамасыз етеді.
Толық ақпарат алу үшін gnome-shell man бетін қараңыз.
- pulseaudio
-
PulseAudio — Linux, POSIX және Windows жүйелеріне арналған дыбыс сервері, ол бағдарламаларға Pulseaudio қызметі арқылы аудио шығаруға мүмкіндік береді.
Толық ақпарат алу үшін pulseaudio man бетін қараңыз.
Пайдаланушының баптауларына байланысты, сонымен қатар келесілердің кейбірін көре аласыз: