Үнсіз келісім бойынша серверлер тізімін баптау

Nautilus (Файлдар қолданбасы) ортақ файлдар серверлерінің тізімін ~/.config/gtk-3.0/servers файлында XBEL пішімінде сақтайды. Ортақ файлдарды пайдаланушыңызға оңай қолжетімді ету үшін осы файлға ортақ файлдар серверлерінің тізімін қосыңыз.

XBEL (XML Bookmark Exchange Language) — URI-лермен (Байланысқан ресурстардың бірыңғай идентификаторлары) бөлісуге мүмкіндік беретін XML стандарты. GNOME-да XBEL Nautilus сияқты қолданбаларда жұмыс үстелі бетбелгілерімен бөлісу үшін пайдаланылады.

~/.config/gtk-3.0/servers файлының мысалы:

<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<xbel version="1.0"
      xmlns:bookmark="http://www.freedesktop.org/standards/desktop-bookmarks"
      xmlns:mime="http://www.freedesktop.org/standards/shared-mime-info">
   <bookmark href="ftp://ftp.gnome.org/">
      <title>GNOME FTP</title>
   </bookmark>
</xbel>

Жоғарыдағы мысалда Nautilus ftp://ftp.gnome.org/ URI-імен GNOME FTP атты бетбелгі жасайды.