GNOME-ға кіру үшін кәсіпорын тіркелгі деректерін пайдалану

Егер желіңізде Active Directory немесе IPA домені болса және сізде домендік тіркелгі болса, GNOME-ға кіру үшін домендік тіркелгі деректерін пайдалана аласыз.

Егер машина домендік тіркелгілер үшін сәтті бапталған болса, пайдаланушылар өз тіркелгілерін пайдаланып GNOME-ға кіре алады. Кіру шақыруында домендік пайдаланушы атын, одан кейін @ белгісін, содан кейін домен атын теріңіз. Мысалы, домен атыңыз example.com және пайдаланушы аты User болса, мынаны теріңіз:

User@example.com

Машина домендік тіркелгілер үшін бапталған жағдайда, сіз кіру пішімін сипаттайтын пайдалы кеңесті көруіңіз керек.

Қарсы алу экрандары кезінде кәсіпорын тіркелгі деректерін пайдалану

Егер сіз машинаны кәсіпорын тіркелгі деректері үшін әлі баптамаған болсаңыз, оны GNOME бастапқы баптау бағдарламасының бөлігі болып табылатын Қарсы алу экрандарында жасай аласыз.

Кәсіпорын тіркелгі деректерін баптау

  1. Кіру қарсы алу экранында Кәсіпорын тіркелгісін баптау таңдаңыз.

  2. Егер домен аты алдын ала толтырылмаған болса, Домен өрісіне домен атын теріңіз.

  3. Тиісті өрістерге домендік тіркелгінің пайдаланушы аты мен паролін теріңіз.

  4. Келесі батырмасын шертіңіз.

Доменнің қалай бапталғанына байланысты, жалғастыру үшін домен әкімшісінің аты мен паролін сұрайтын шақыру пайда болуы мүмкін.

GNOME-ға кіру үшін кәсіпорын тіркелгі деректерін пайдалануға ауысу

Егер сіз бастапқы баптауды аяқтап қойған болсаңыз және GNOME-ға кіру үшін домендік тіркелгіні бастағыңыз келсе, оны GNOME баптауларындағы Пайдаланушылар панелінен орындай аласыз.

Кәсіпорын тіркелгі деректерін баптау

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Пайдаланушылар деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Пайдаланушылар үстінен шертіңіз.

  3. Құлпын ашу батырмасын шертіп, компьютер әкімшісінің паролін теріңіз.

  4. Терезенің төменгі сол жағындағы [+] батырмасын шертіңіз.

  5. Кәсіпорын тіркелгісі батырмасын шертіңіз.

  6. Кәсіпорын тіркелгісі үшін доменді, пайдаланушыны және парольді енгізіп, Қосу түймесін шертіңіз.

Доменіңіздің қалай бапталғанына байланысты, жалғастыру үшін домен әкімшісінің аты мен паролін сұрайтын шақыру пайда болуы мүмкін.

Ақаулықтарды жою және кеңейтілген баптау

Кәсіпорын тіркелгісімен кіру мүмкіндігіндегі ақаулықтарды жою үшін realm командасын және оның әртүрлі ішкі командаларын пайдалануға болады. Мысалы, машинаның кәсіпорын тіркелгілері үшін бапталғанын көру үшін келесі команданы орындаңыз:

$ realm list

Желі әкімшілеріне жұмыс станцияларын тиісті доменге алдын ала қосу ұсынылады. Бұл kickstart realm join командасы арқылы немесе скрипт арқылы автоматтандырылған түрде realm join командасын іске қосу арқылы жасалуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу

  • realmd Әкімшілік нұсқаулығы кәсіпорын тіркелгісімен кіру мүмкіндігін пайдалану туралы толығырақ ақпарат береді.