Белгілер

Белгілерді (шағын сандық жазбалар) кез келген ұяшыққа қосуға болады. Олар ұяшық үшін мүмкін мәндерді белгілеуге мүмкіндік береді. Белгілер ұяшықта кез келген цифрлар санын сақтауға мүмкіндік береді. Әр цифр тек бір рет таңдалуы мүмкін.

Ұяшыққа белгілерді қосу үшін:

  1. Ұяшықты таңдаңыз.

  2. Ctrl+1 пернесінен Ctrl+9 пернесіне дейін басыңыз.

Ctrl+1 пернесінен Ctrl+9 пернесіне дейін қайта басу арқылы белгілерден санды өшіруге болады.

Белгілерді Ctrl пернесін басып тұрып ұяшықты шерту немесе ұяшықты оң жақпен шертіп, содан кейін санды таңдау арқылы да қосуға болады.