Orca-ны басқару және пайдалануды үйрену

Orca-ны басқару командалары

Келесі командаларды Orca баптаулар сұхбат терезесіне өту, Orca-ны қосу және сөндіру, сондай-ақ қол жеткізілетін қолданба ішіндегі жарлықтар қайшылығын болдырмау үшін Orca командаларын айналып өту үшін пайдалануға болады.

  • GNOME ішінде Orca бағдарламасын қосу және өшіру: Super+Alt+S.

    Егер сіз Orca-ны қосу және сөндіру командасы жоқ басқа жұмыс үстелі ортасында пайдалансаңыз, Orca-дан шығу командасы пайдалы болуы мүмкін. Бұл команда әдепкі бойынша тағайындалмаған. Тағайындалмаған командаларды тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.

  • Orca баптаулары сұхбат терезесі: Orca модификаторы+Бос орын.

  • Фокусталған қолданбаға арналған Orca баптаулары сұхбат терезесі: Ctrl+Orca модификаторы+Бос орын.

  • Келесі команданы ағымдағы бағдарламаға жіберу: Orca модификаторы+BackSpace

Orca пайдалануды үйренуге арналған командалар

Үйрену режимінде Orca сіз басқан әрбір перне туралы және сол пернеге тағайындалған кез келген байланысты Orca командасы туралы хабарлайды. Бұл режимде сіз сондай-ақ пайдалануға болатын барлық Orca командалары бар жарлықтар тізімін ала аласыз.

  • Үйрену режиміне кіру: Orca модификаторы+H

  • Үйрену режимінен шығу: Esc