Чат командалары
Келесі командаларды Orca қолдайтын лезде хабар алмасу және интернет релелік чат клиенттеріндегі ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Бұл командалардың бірнешеуі "тағайындалмағанын" байқайсыз. Бұл командаларды пернелер тіркесімдеріне тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.
Чат бөлмесінің алдыңғы хабарламаларын көрсету: Orca модификаторы+F1 - F9 аралығы
Хабарлармен бірге бөлме атының хабарлануын іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)
Серіктестің мәтін теру күйі туралы хабарландыруды іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)
Бөлмеге тән тарихтарды іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)