Басқа компьютерге қосылу

Қосылымдар қолданбасын қашықтағы машинаны көру және оған қол жеткізу үшін пайдалануға болады.

Қашықтағы машина бапталған болуы тиіс.

  1. Қашықтағы қосылымды жасау көмекшісін іске қосу үшін жоғарғы сол жақ бұрыштағы + батырмасын шертіңіз.

  2. Қашықтағы құрылғының немесе қызметтің протоколын, IP адресін және порт нөмірін қамтитын URL енгізіңіз. Мысалы:

    vnc://192.168.122.1:5900

    Протокол келесідей болады:

    • қашықтағы RDP серверіне қосылу үшін rdp://.

    • қашықтағы vino немесе VNC серверіне қосылу үшін vnc://.

    • қашықтағы SPICE серверіне қосылу үшін spice://.

    Адрес пен порт нөмірі қашықтағы машинадағы құрылғының немесе қызметтің баптауларында қолжетімді болуы тиіс.

  3. Жасау батырмасын шертіңіз.

Қашықтағы машина жинақ көрінісінде ашылады.