GiB мен GB (гигабайт) бірдей ме?

Жады мен диск орнының статистикасы IEC екілік префикстері арқылы көрсетіледі: КиБ, МиБ, ГиБ, ТиБ (киби, меби, гиби және теби үшін). Бұл Жүйелік бақылаушыда қолданылатын өлшемдердің екілік көрсеткішін (1024 еселіктері) қатты дискілердің қаптамасында жиі қолданылатын ондық өлшемдерден (1000 еселіктері) ажыратуға арналған.

Типтік екілік бірліктер:

  • 1 КиБ = 1024 байт

  • 1 МиБ = 1048576 байт

  • 1 ГиБ = 1073741842 байт

1.0 ТБ (терабайт) ретінде жарнамаланған сыртқы қатты диск 0.909 ТиБ (тебибайт) ретінде көрсетіледі.