Solaris режимі дегеніміз не?

Бірнеше процессоры немесе ядролары бар жүйеде процестер бір уақытта бірнешеуін қолдана алады. % CPU бағанында жалпы мәні 100%-дан асатын мәндердің көрсетілуі мүмкін (мысалы, 4-процессорлы жүйеде 400%). Solaris режимі әр процестің % CPU мәнін жүйедегі процессорлар санына бөледі, сонда жалпы мән 100% болады.

% CPU мәнін Solaris режимінде көрсету үшін:

  1. Қолданба мәзіріндегі Баптаулар батырмасын шертіңіз.

  2. Процестер бетін шертіңіз.

  3. Процессор қолданысын процессорлар санына бөлу параметрін таңдаңыз.

«Solaris режимі» термині Sun корпорациясының UNIX жүйесінен шыққан, ал Linux-тың әдепкі режимі SGI корпорациясының UNIX жүйесінің құрметіне IRIX режимі деп аталады.