Процесс күйлері нені білдіреді?
Процестің күйі оның қазіргі уақытта бірдеңе істеп жатқанын немесе істемей жатқанын айтады. Процестің төрт күйі болуы мүмкін:
- Орындалуда
Қазіргі уақытта бірдеңе істеп жатқан процестер (мысалы, веб-парақшаны жүктеп жатқан веб-браузер). Орындалып жатқан процестер — процессорды (CPU) белсенді пайдаланатын процестер.
- Ұйқыда
Қазіргі уақытта ештеңе істемей жатқан процестер (мысалы, олар бірдеңенің болуын күтіп тұрғандықтан). Олар процессор уақытын пайдаланбайды, бірақ бәрібір жадыны алады. Егер оларға бірдеңе істеу керек болса, олар «оянады» және күйлерін орындалуда деп өзгертеді.
- Тоқтатылған
-
Тоқтатылған процесс — бұл қолмен ұйқы режиміне қойылған процесс. Мысалы, процесс тым көп өңдеу уақытын алып жатса, оны уақытша тоқтатқыңыз келуі мүмкін.
Ол үшін Процестер бетіндегі процесті шертіңіз, содан кейін оны оң жақпен шертіп, пайда болған мәзірден Аялдату опциясын таңдаңыз. Оны сол мәзірдегі Жалғастыру батырмасын шерту арқылы қайта оятуға болады.
- Зомби
-
Зомби процесі — бұл орындалуын аяқтаған және ешқашан қайта басталмайтын, бірақ қандай да бір себептермен процестер тізімінде сақталып тұрған процесс. Бұл әдетте оны басқа бағдарлама іске қосқандықтан және ол бағдарлама оның сәтті аяқталғанын немесе аяқталмағанын білуі керек болғандықтан, бірақ ол бағдарлама процесті әлі тексермегендіктен болады.
Зомби процестері жадыны немесе өңдеу уақытын пайдаланбайды және ақыр соңында жойылады. Олардан құтылу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ.
Процестердің көпшілігі не орындалуда, не ұйқыда болады.