Процестің басымдылығын өзгерту
Компьютерге белгілі бір процестердің басқаларға қарағанда жоғарырақ басымдылығы болуы керектігін және оларға қолжетімді есептеу уақытының үлкенірек бөлігі берілуі керектігін айта аласыз. Бұл оларды тезірек орындауға мәжбүр етеді, бірақ тек белгілі бір жағдайларда. Егер процесс тым көп есептеу қуатын алып жатыр деп ойласаңыз, оған төменірек басымдылық бере аласыз.
Процестер бетіне өтіп, басымдылығын өзгерткіңіз келетін процесті шертіңіз.
Процесті оң жақ батырмамен шертіп, оған жоғарырақ немесе төменірек басымдылық тағайындау үшін Басымдылықты өзгерту мәзірін пайдаланыңыз.
Әдетте процестердің басымдылығын қолмен өзгертудің қажеті шамалы. Компьютер әдетте оларды басқару жұмысын өзі жақсы атқарады. (Процестердің басымдылығын басқару жүйесі nice деп аталады.)
Жоғарырақ басымдылық процестің жылдам орындалуына әкеледі ме?
Компьютер өзінің өңдеу уақытын барлық орындалып жатқан процестер арасында бөліседі. Бұл әдетте ақылды түрде бөлінеді, сондықтан көбірек жұмыс істейтін бағдарламалар автоматты түрде ресурстардың үлкенірек бөлігін алады. Көп жағдайда процестер өздеріне қажетінше өңдеу уақытын алады, сондықтан олар онсыз да мүмкіндігінше жылдам орындалып жатады. Олардың басымдылығын өзгерту ешқандай айырмашылық тудырмайды.
Егер сіздің компьютеріңіз бір уақытта бірнеше есептеуді қажет ететін бағдарламаларды орындап жатса, оның өңдеу уақыты «артық жазылуы» мүмкін (яғни, процессордың толық қуаты қолданыста болады). Басқа бағдарламалардың әдеттегіден баяу орындалатынын байқауыңыз мүмкін, себебі олардың барлығына бөлуге жететін өңдеу уақыты жоқ.
Бұл жағдайда процестердің басымдылығын өзгерту пайдалы болуы мүмкін. Басқа бағдарламаларға көбірек өңдеу уақытын босату үшін есептеуді қажет ететін процестердің бірінің басымдылығын төмендетуге болады. Сонымен қатар, сіз үшін маңыздырақ және жылдам орындалуын қалайтын процестің басымдылығын арттыра аласыз.