Бағдарламаны дереу мәжбүрлеп тоқтату («өлтіру»)
Егер бағдарлама жұмыс істемей қалса немесе қатып қалса, оны Жүйелік монитор көмегімен мәжбүрлеп жабуға («өлтіруге») болады. Процестер бетіне өтіп, аяқтағыңыз келетін процесті шертіп таңдаңыз. Алдымен, оның қалыпты түрде жабылуына мүмкіндік беру үшін Процесті аяқтау опциясын шертіп көріңіз.
Егер процесс бірнеше секундтан кейін жабылмаса, оны оң жақпен шертіп, пайда болған мәзірден Мәжбүрлеп тоқтату опциясын таңдаңыз.
Процесті аяқтау опциясын пайдалану процесті дұрыс жабуға тырысып, оған файлдарды сақтауға және т.б. уақыт береді, ал Мәжбүрлеп тоқтату оны бірден жабуға мәжбүрлейді. Кейбір бағдарламалар үшін бұл сақталмаған файлдарды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Әрқашан алдымен Процесті аяқтау опциясын пайдаланып көру керек.