Қай бағдарлама компьютердің баяу жұмыс істеуіне әкеліп соғады?
Процессордың (CPU) өз үлесінен артық қолданатын бағдарлама бүкіл компьютерді баяулатуы мүмкін. Мұны қай процесс жасап жатқанын табу үшін:
Процестер бетін шертіңіз.
-
Процестерді процессор қолданысы бойынша сұрыптау үшін % CPU баған тақырыптамасын шертіңіз.
Баған тақырыптамасындағы бағдарша сұрыптау бағытын көрсетеді; оны өзгерту үшін тағы бір рет шертіңіз. Бағдарша жоғары қарап тұруы керек.
Тізімнің басындағы процестер процессорды (CPU) ең жоғары пайызбен пайдаланып жатыр. Қайсысы ресурстарды тиісті мөлшерден артық пайдаланып жатқанын анықтағаннан кейін, бағдарламаның өзін жабуды немесе процессор жүктемесін азайту үшін басқа бағдарламаларды жабуды шеше аласыз.
Қатып қалған немесе апатты түрде аяқталған процесс процессорды 100% пайдалануы мүмкін. Егер бұл орын алса, процесті жою қажет болуы мүмкін.