Белгілі бір файлды қай бағдарлама қолданып жатқанын табу
Кейде қате туралы хабарлама құрылғы (дыбыс құрылғысы немесе DVD ROM сияқты) бос емес екенін немесе сіз түзеткіңіз келетін файл қолданыста екенін айтады. Бұған жауапты процесті немесе процестерді табу үшін:
Жүйелік бақылаушы ▸ Ашық файлдарды іздеу батырмасын шертіңіз.
Файл атын немесе оның бөлігін енгізіңіз. Бұл дыбыс құрылғысы үшін /dev/snd немесе DVD ROM үшін /media/cdrom болуы мүмкін.
Табу батырмасын шертіңіз.
Бұл іздеуге сәйкес келетін файлға немесе файлдарға қазір қол жеткізіп жатқан орындалудағы процестердің тізімін көрсетеді. Бағдарламадан шығу құрылғыға қол жеткізуге немесе файлды түзетуге мүмкіндік береді.