Процесте қай файлдар ашық екенін тізімдеу
Процестерге кейде файлдарды ашық ұстау қажет болады. Бұл сіз қарап отырған немесе түзетіп жатқан файлдар немесе процестің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті уақытша немесе жүйелік файлдар болуы мүмкін.
Процесте қай файлдар ашық екенін көру үшін:
Процестер бетінен процесті тауып, оны таңдау үшін бір рет шертіңіз.
Процесті оң жақ батырмамен шертіп, Ашық файлдар таңдаңыз.
Пайда болған ашық файлдар тізімінде сіз сокеттер деп аталатын кейбір арнайы файлдарды таба аласыз. Бұл іс жүзінде процестердің бір-бірімен байланысу тәсілі болып табылады және сіз көре алатын немесе түзете алатын қалыпты файлдар емес.