Процесс дегеніміз не?

Процесс — бұл жүйе орындап жатқан бағдарлама немесе қолданба. Қолданба іске қосылғанда, жүйе бірегей процесс идентификаторын (PID) тағайындайды және оның нұсқаулары мен деректері жадыға жүктеледі.

Процестер беті процестер туралы ақпаратты көрсетеді және оларды Тоқтатуға, Жалғастыруға, Аяқтауға, Жоюға немесе басымдылығын өзгертуге мүмкіндік береді. Егер сіз Барлық процестерді көрсетуді таңдасаңыз, процесс тізіміне компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін әртүрлі қызметтерді фонда орындайтын жүйелік процестер де кіреді.