Желі жылдамдығын секундтық байттардың орнына биттермен көрсету

Желі жылдамдығы жиі секундтағы байттармен емес, секундтағы биттермен көрсетіледі. Бұл бит жылдамдығы немесе деректер жылдамдығы деп аталады.

Желі жылдамдығын биттермен көрсету үшін:

  1. Жүйелік бақылаушы ▸ Баптаулар батырмасын шертіңіз.

  2. Ресурстар бетін шертіңіз.

  3. Желі жылдамдығын биттермен көрсету параметрін таңдаңыз.