«Своп» жады дегеніміз не?
Своп жады немесе своп аймағы — виртуалды жады жүйесінің дискідегі құрамдас бөлігі. Ол Linux алғаш орнатылғанда своп бөлімі немесе своп файлы ретінде алдын ала конфигурацияланады, бірақ кейінірек те қосылуы мүмкін.
Дискіге қол жеткізу жадыға қол жеткізумен салыстырғанда өте баяу. Жүйеде бос жады жеткіліксіз болып, шамадан тыс своптау немесе thrashing (сілкілеу) орын алса, жүйе баяу жұмыс істейді. Бұл жағдайда жалғыз шешім — көбірек RAM қосу.
Своптау немесе беттеу өнімділік мәселесіне айналғанын тексеру үшін:
Ресурстар бетін шертіңіз.
Жады мен своп тарихы графигі жады мен своптың қолданылуын пайызбен көрсетеді.