Қанша жады қолданылып жатыр?

Компьютеріңіздің ағымдағы жады қолданысын тексеру үшін:

  1. Ресурстар бетін шертіңіз.

Жады мен своп тарихы жалпы қолжетімді жады мен своптың пайызын көрсетеді. Олар уақыт бойынша сызылады, ағымдағы уақыт оң жақта болады.

Әр сызықтың түсі төмендегі дөңгелек диаграммалармен көрсетілген. Сызықтық графиктің түсін өзгерту үшін дөңгелек диаграмманы шертіңіз.

Жады дөңгелек диаграммасы жадының қолданылуын ГиБ есебімен және жалпы қолжетімді көлемнің пайызы ретінде көрсетеді.

Жаңарту интервалын өзгерту үшін:

  1. Жүйелік бақылаушы ▸ Баптаулар батырмасын шертіңіз.

  2. Ресурстар бетін шертіңіз.

  3. Жаңарту интервалы, секундпен үшін мәнді енгізіңіз.

Қай процестер жадыны ең көп пайдаланып жатыр?

Қай процестердің жадыны ең көп пайдаланып жатқанын тексеру үшін:

  1. Процестер бетін шертіңіз.

  2. Процестерді жады қолданысы бойынша сұрыптау үшін Жады баған тақырыптамасын шертіңіз.

    Баған тақырыптамасындағы бағдарша сұрыптау бағытын көрсетеді; оны өзгерту үшін тағы бір рет шертіңіз. Егер бағдарша жоғары қарап тұрса, жадыны ең көп пайдаланатын процестер тізімнің басында пайда болады.