Жүйелік бақылаушы
Жүйелік бақылаушы қай бағдарламалар орындалып жатқанын және қанша процессор уақыты, жады және диск орны пайдаланылып жатқанын көрсетеді.
Процессорды бақылау
Егер компьютер көп жұмыс істеп жатса, ол көбірек процессор уақытын және көбірек жадыны пайдаланады.
Процессорлары көбірек компьютерлерге бір уақытта көптеген бағдарламаларды орындау оңайырақ.
Қолданылып жатқан процессор (CPU) мөлшері компьютердің қанша жұмыс істеуге тырысып жатқанын көрсетеді.
Жады қолданысы
Своп жады компьютеріңізге жүйелік жадыға (RAM) сыйғаннан көбірек қолданбаларды бір уақытта орындауға мүмкіндік береді.
Процестің жады картасын көру.
Процестің жады картасы кейбір жады мәселелерін анықтауға көмектесе алады.
Ресурстар беті сіздің компьютеріңіздің жадысы (RAM) қаншалықты қолданылып жатқанын көрсетеді.
Процестер туралы сұрақтар
Егер бағдарлама жұмысын тоқтатса немесе қатып қалса, оны мәжбүрлеп жабуға болады.
Көптеген жүйелік процестер фонда автоматты түрде орындалады.
Процесті процесс тізімінен басқаруға болады.
Процестің күйі орындалуда, ұйқыда, тоқтатылған немесе зомби болуы мүмкін.
Процестермен орындалатын жалпы тапсырмалар
Жүйелік бақылаушыда көрсетілген ақпаратты ұзағырақ немесе қысқарақ интервалмен жаңарту.
Қай процесс қолданып жатқанын көру үшін ашық файлды іздеу.
Процестер қол жеткізіп жатқан файлдарды көру.
Процесс процессор уақытының үлкен немесе кіші бөлігін алуы керектігін шешіңіз.
Қай қолданба компьютер ресурстарын пайдаланып жатқанын көру үшін процестер тізімін % CPU бойынша сұрыптаңыз.
Файлдық жүйелер туралы ақпарат
Операциялық жүйе пайдаланатын жасырын файлдық жүйелер бар.
Файлдық жүйелер беті әрбір қатты дискіде қанша орын пайдаланылып жатқанын көрсетеді.
Әрбір құрылғы қатты дискідегі бөлімге сәйкес келеді.
Файлдық жүйе бетінде көрсетілген барлық өрістердің түсіндірмесі.
Желі туралы ақпарат
Желі жылдамдығын көрсету үшін бірліктерді таңдаңыз.
Әртүрлі
Жады мен диск орнының өлшем бірліктері
Процессорлар санын көрсету үшін Solaris режимін пайдаланыңыз.
Жүйелік бақылаушыдағы ақпаратты командалық жол саймандарын пайдаланып та табуға болады.