Барлық файлдық жүйелерді, соның ішінде жасырын және жүйелік файлдық жүйелерді көрсету

Әдепкі бойынша Файлдық жүйелер беті тек файлдарыңыз бен қолданбаларыңыз орналасқан дискілер мен бөлімдерді көрсетеді. Сондай-ақ операциялық жүйе пайдаланатын бірқатар арнайы файлдық жүйелер бар, бірақ олар әдепкі бойынша жасырылған.

Осы арнайы файлдық жүйелерді көру үшін Жүйелік бақылаушы ▸ Баптаулар батырмасын шертіп, Файлдық жүйелер бетінде Барлық файлдық жүйелерді көрсету құсбелгісін қойыңыз.

Тізімдегі жазбалардың көпшілігі «виртуалды» файлдық жүйелер болып табылады. Олар нақты дискілер немесе бөлімдер емес. Керісінше, оларды операциялық жүйе аппараттық құрылғыларды басқару және уақытша файлдарды сақтау сияқты әртүрлі нәрселер үшін ыңғайлы абстракция деңгейі ретінде пайдаланады. Жүйе оларды автоматты түрде басқарады, сондықтан оларды өзіңіз қараудың қажеті сирек болады.