Файлдық жүйелер туралы ақпарат нені білдіретінін біліңіз

Файлдық жүйелер беті компьютерге қай дискілердің қосылғанын, олардың қалай аталатынын және оларда қанша диск орны бар екенін көрсетеді.

  • Құрылғы операциялық жүйе дискіге тағайындаған атауды көрсетеді. Компьютерге қосылған әрбір жабдыққа оны анықтау үшін пайдаланылатын /dev бумасында жазба беріледі. Қатты дискілер үшін ол әдетте /dev/sda сияқты болады.

  • Бума диск немесе бөлім қай жерге тіркелгенін көрсетеді. Тіркеу (mounting) — дискіні немесе бөлімді пайдалануға қолжетімді етудің техникалық термині. Диск компьютерге физикалық түрде қосылуы мүмкін, бірақ ол тіркелмейінше, ондағы файлдарға қол жеткізу мүмкін емес. Диск тіркелген кезде, ол дискідегі файлдарға қол жеткізу үшін өтуге болатын бумамен байланыстырылады. Мысалы, егер Бума /media/disk ретінде көрсетілсе, файлдарға компьютердегі /media/disk бумасына өту арқылы қол жеткізе аласыз.

  • Түрі сізге дискте немесе бөлімде қолданылатын файлдық жүйенің түрін көрсетеді. Файлдық жүйе компьютер файлдарды дискте қалай сақтау керектігін анықтайды. Кейбір операциялық жүйелер файлдық жүйелердің тек кейбір түрлерін ғана түсіне алады, сондықтан, мысалы, сыртқы қатты дисктің қай файлдық жүйені қолданатынын тексеру пайдалы болуы мүмкін.

  • Жалпы дискінің жалпы сыйымдылығын көрсетеді, ал Қолжетімді файлдар мен бағдарламалар үшін сол сыйымдылықтың қаншасы бос екенін көрсетеді. Пайдаланылған диск орнының қаншалықты қолданыста екенін көрсетеді.

Пайдаланылған және Қолжетімді мәндерінің қосындысы міндетті түрде Жалпы мәніне тең болмауы мүмкін. Себебі кейбір диск орны жүйенің пайдалануы үшін сақталуы мүмкін. Қарау керек маңызды сан — Қолжетімді бағаны, өйткені ол сізге нақты қанша диск орнын пайдалана алатыныңызды айтады.

Сондай-ақ Жалпы мәні қатты дискіңіздің жарнамаланған сыйымдылығына сәйкес келмейтінін байқауыңыз мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және бірнеше себептерге байланысты болады. Біреуі — қатты диск өндірушілері диск сыйымдылығын есептеудің басқаларға қарағанда сәл басқаша әдісін қолданады. Тағы біреуі — кейбір диск орны операциялық жүйенің пайдалануы үшін сақталуы мүмкін. Егер сіз күткен сыйымдылықтан үлкен айырмашылық болса, бұл дискіңіздің бірнеше бөлімдерге бөлінгенінен болуы мүмкін.