Диск орнының қаншалықты пайдаланылып жатқанын тексеру
Дискіде қанша орын бар екенін тексеру үшін Файлдық жүйелер бетіне өтіп, Пайдаланылған және Қолжетімді бағандарын қараңыз.
Егер бірнеше құрылғы көрсетілсе және сіз өзіңіздің үй бумаңыз орналасқан құрылғыны іздесеңіз, Бума бағанында / немесе /home көрсетілген дискті табыңыз. Бұл әдетте (бірақ әрдайым емес) жеке файлдарыңыз сақталған диск болады.
Диск орнын босату
Егер сізде диск орны аз қалса, орын босату үшін бірнеше әрекет жасауға болады.
Біреуі — қажетсіз файлдарды қолмен өшіру. Қай файлдар мен бумалар ең көп орын алып жатқанын анықтау үшін Диск қолданысын талдаушы қолданбасын пайдалануға болады. Кейбір файлдарды өшіргеннен кейін, олардың компьютерден толық жойылғанына көз жеткізу үшін Қоқыс шелегін босату керек.
Сондай-ақ әртүрлі қолданбалардағы уақытша файлдарды жоюға болады. Мысалы, веб-браузерлер мен бағдарламалық қамтама менеджерлері жиі үлкен көлемдегі уақытша файлдарды сақтайды. (Оларды қалай жою қолданбаға байланысты болады.)
Сондай-ақ кейбір қажетсіз қолданбаларды өшіріп тастауға болады. Ол үшін әдеттегі бағдарламалық қамтама менеджерін пайдаланыңыз.
Диск орнын босатудың тағы бір жолы — ескі файлдарды, мысалы, сыртқы қатты дискіге немесе онлайн «бұлттық» қоймаға көшіру арқылы «архивтеу».