Файлдық жүйелер бетіндегі әртүрлі құрылғылар дегеніміз не?

Файлдық жүйелер бетінде көрсетілген әрбір құрылғы — бұл сақтау дискісі (қатты диск немесе USB флешка сияқты) немесе диск бөлімі. Әрбір құрылғы үшін оның жалпы сыйымдылығын, сыйымдылығының қаншалықты пайдаланылғанын және оның файлдық жүйе түрі мен қай жерге «тіркелгені» туралы кейбір техникалық ақпаратты көре аласыз.

Бір физикалық қатты дискідегі диск орнын бөлімдер деп аталатын бірнеше бөлікке бөлуге болады, олардың әрқайсысын бөлек диск ретінде пайдалануға болады. Егер сіздің қатты дискіңіз бөлімдерге бөлінген болса (мүмкін сіз немесе компьютер өндірушісі тарапынан), әрбір бөлім Файлдық жүйелер тізімінде бөлек көрсетіледі.

Дискілер мен бөлімдерді басқаруға және толығырақ диск ақпаратын Дискілер қолданбасы арқылы көруге болады.