Неліктен менде бірнеше процессор бар?
Көптеген компьютерлерде бірнеше процессор (CPU) болады. Оларды кейде көп ядролы жүйелер деп атайды.
Компьютердегі барлық бағдарламаларды орындау жүктемесі процессорлар арасында бөлінеді. Процессорлар неғұрлым көп болса, жұмысты соғұрлым көп бөлуге болады. Бұл әр процессорға түсетін жүктемені азайтады, бұл компьютердің тезірек жұмыс істеуіне көмектеседі.
Компьютер жұмысты процессорлар арасында қалай жақсы бөлу керектігін автоматты түрде шешеді; мұны өзіңіз жасауыңыздың қажеті жоқ.