Компьютерімнің осыншалықты көп процессорды немесе жадыны пайдалануы қалыпты ма?

Компьютеріңізде орындалып жатқан барлық бағдарламалар процессор (CPU) уақыты мен жадыны бөліседі. Егер сіз бір уақытта көптеген бағдарламаларды іске қоссаңыз немесе кейбір бағдарламалар көп жұмыс істеп жатса, осы екі ресурстың да жоғары пайызы қолданылады.

Егер процессорды қолдану 100% шамасында болса, бұл сіздің компьютеріңіз өзінің мүмкіндігінен көбірек жұмыс істеуге тырысып жатқанын білдіреді. Бұл әдетте қалыпты жағдай, бірақ бұл бағдарламалардың сәл баяулауы мүмкін екенін білдіреді. Компьютерлер ойындарды іске қосу сияқты есептеуді қажет ететін әрекеттерді орындағанда процессорды 100%-ға жуық пайдаланады.

Егер процессор ұзақ уақыт бойы 100% жүктемемен жұмыс істесе, бұл компьютеріңіздің өте баяулауына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда қай бағдарлама процессор уақытын көп алып жатқанын анықтауыңыз керек.

Егер жады қолданысы 100%-ға жақын болса, бұл жұмысты айтарлықтай баяулатуы мүмкін. Себебі компьютер қатты дискті своп жады деп аталатын уақытша жады ретінде пайдалануға тырысады. Қатты дискілер жүйелік жадыдан әлдеқайда баяу жұмыс істейді.

Кейбір бағдарламаларды жабу арқылы жүйелік жадыны босатуға болады. Егер жұмыс тым баяулап кетсе, компьютерді қайта іске қосып көріңіз.

Ресурстар бетінде көрсетілген жады — бұл жүйелік жады (RAM деп те аталады). Ол бағдарламаларды компьютерде орындалып жатқан кезде уақытша сақтау үшін пайдаланылады. Бұл файлдар мен бағдарламаларды тұрақтырақ сақтау үшін пайдаланылатын қатты диск немесе жадының басқа түрлерімен бірдей емес.