Процессордың (CPU) қанша қуаты қолданылып жатқанын тексеру
Компьютер процессорының қазіргі уақытта қаншалықты қолданылып жатқанын тексеру үшін Ресурстар бетіне өтіп, Процессор тарихы графигін қараңыз. Бұл сізге компьютердің қазіргі уақытта қанша жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Көптеген компьютерлерде бірнеше процессор болады (кейде көп ядролы жүйелер деп аталады). Әр процессор графикте бөлек көрсетіледі. Қаласаңыз, графиктің астындағы түрлі-түсті блоктардың бірін шерту арқылы әр процессор үшін қолданылатын түсті өзгерте аласыз.
Сондай-ақ графиктің жаңартылу жылдамдығын (жаңарту интервалы) және әр процессорға арналған сызықтардың көрсетілу тәсілін (мысалы, жинақталған аймақ графигі ретінде) өзгертуге болады. Тиісті опцияларды өзгерту үшін Жүйелік бақылаушы батырмасын шертіп, Баптаулар, содан кейін Ресурстар бетін таңдаңыз.