Дәл сол ақпаратты командалық жолдан алу

Жүйелік бақылаушы көрсететін ақпараттың көп бөлігін осы командалық жол саймандарын пайдаланып та алуға болады.

top

орындалып жатқан процестердің үздіксіз жаңартылатын тізімін береді және оларды басқаруға мүмкіндік береді.

lsof

ашық файлдардың және оларды ашқан процестердің тізімін береді.

free -m

сізге қанша жады қолжетімді екенін көрсетеді.

vmstat

ағымдағы виртуалды жадыны қолдану туралы ақпарат береді.

df -h

тіркелген файлдық жүйелердегі қолжетімді диск орнын көрсетеді.

pmap

процестің жады картасын көрсетеді.